Сағатына 15 миллион өтінім түсті – Жұмағалиев
Сағатына 15 миллион өтінім түсті – Жұмағалиев
© Сурет ғаламтордан
248
оқылды
Қалыпты уақытта электронды үкімет порталына сағатына 600 мың қоңырау түсетін, ал төтенше жағдай енгізілгелі бері сағатына 15 миллион қоңырау түседі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Орталық коммуникация қызметінде өткен онлайн-брифингте мәлімдеді.
«Жүктеме мүмкіндігінше артты. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылғаннан кейін электрондық үкімет порталындағы жүктеме күрт өсті, бірақ сондай жүктеменің өзінде портал әдеттегідей жұмыс істеді. Төтенше жағдай кезінде миллионнан астам қызмет көрсетілді.  Күнделікті режимде порталда сағатына 600 мың өтінім түсетін. Қазір ең жоғары шектегі жүктеме кезінде сағатына 15 миллионға дейін жетіп отыр. Бұл өз кезегінде елеулі жүктеме», - деді Асқар Жұмағалиев онлайн-брифингте. Айта кетсек, қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемді (42 500 теңге) өңдеуге арналған Egov.kz, 42500.enbek.kz және Telegram-бот сайттарының жұмысын сынға алған болатын.
Министрдің айтуынша, 28 наурызда электрондық үкіметтің веб-сайтында 42 500 теңге төлеу қызметін енгізу туралы ереже бекітілген. Мамандар сол түні-ақ қажетті функцияны енгізген. Министр жаңа опцияларды енгізуге әдетте көп уақыт кететінін айтады, себебі оны тексеру, тестілеуге уақыт қажет. Тұмар МЫРЗА