Қағазсыз Қазақстан: Мемлекеттік сайттардың онлайн қызмет көрсету сапасы жетілдіріледі
Қағазсыз Қазақстан: Мемлекеттік сайттардың онлайн қызмет көрсету сапасы жетілдіріледі
Фото: Интернеттен алынды
404
оқылды
Цифрландыру мен онлайн қызмет көрсетуді барлық салада дамытуға Қазақстанда айрықша көңіл бөліп келеді. Коронавирус пандемиясы басталғалы онлайн қызметке сұраныс күрт артты. Карантинде қызметкерлер онлайн жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оқушы мен студенттерге де онлайн білім алуға тура келеді. Пандемия кесірінен онлайнға қызметке сұраныстың күрт арқаны соншалық дамыған мемлекеттердің өзі қашықтан оқу, онлайн қызмет көрсетуде тығырыққа тірелді. Атап айтқанда, АҚШ-тың Нью-Йорк, Пенсильвания, Мичиган, Флорида штаттарында, сондай-ақ Италия, Сингапур, Канадада сапалы онлайн қызмет көрсетуге қол жеткізе алмай отыр. Тіпті, мемлекет тарапынан әлеуметтік төлем алатын халықтың өтінішін қабылдап үлгере алмай, мемлекеттік қызмет көрсететін сайттары істен шығып жатыр. Жоғарыда аталған алпауыт елдердің ішінде Канада халыққа әлеуметтік көмек көрсету үшін жеке арнайы сайт ашуға енді кіріскен.

Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы e-gov-тың жұмысын баяулатты

Әлемде пандемияның қарқыны күшейген кезде Қазақстан да сақтық үшін төтенше жағдай жариялады. Ірі қалаларда карантин режимі енгізілді. Бұдан былай халыққа қызмет тек қана онлайн көрсетілетін болды. Тіпті онлайн төлем жүйесін шұғыл жетілдіруге тура келіп отыр. Қазақстанда мемлекет та­ғайын­­даған тиесілі әлеуметтік тө­лем туралы айтылған соң, жұрт Egov.kz порталына кіріп, тіркелудің машақатын ай­тып, шағым айтуды үдетті. Әлеуметтік же­ліде «оңтайлы» сәтті пайдаланып қалғысы келгендер де пайда табуға ұмтылып, жарнама жасай жөнелді. Мысалы, WhatsАpp-тағы топтарда «42 500 тең­ге әлеуметтік көмекті алып бе­реміз, ол үшін жеке мәлімет­те­ріңіз­ді жолдаңыз» деген хабарландыру қаптады. Әр азаматтың жеке де­ректерін (ЖСН, ЭЦҚ, банк кар­таларының нөмірін) танымайтын тұлғаға беру де – қауіпті. Осыған бай­ланысты «Азаматтарға арналған үкі­мет» халықты алаяқтардан сақ болу­ға шақырып отыр. Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгелік төлемді алуға тіркелетін ар­найы сайт ашты. Одан бөлек, компьютер не­ме­се ноутбугыңыз болмаса қалта те­лефоныңызға Telegram bot қо­сымшасын жүктеп алып, сол ар­қылы тіркеле алады. Тelegram-нан EgovKzBot2.0 өт­сеңіз, ары қарай нұсқаулық бойын­­­­ша жұмыс істейді. Сол себепті, Telegram-дағы ресми bot – EgovKzBot2.0-ке ғана кірген жөн. Осыдан кейін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында сапалы онлайн қызмет көрсету мәселесі жан-жақты талқыланды.   Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Басты себеп,  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары Үкімет басшысының шешімімен күшейтілген карантин режиміне өтті. Сондықтан бас шаһарларда білім беру мекемелері оқушылар мен студенттерді қашықтан оқытып, Халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн жұмыс істейді. Осы мәселеге қатысты Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бұл салада онлайн қызмет алатын адамдардың көптігінен проблемалар туындап жатқан себебін түсіндірді.  width= Оның айтуынша, цифрландыруға кезең-кезеңімен өтіп жатқан, әсіресе, әлеуметтік салада қызмет көрсететін компанияларда қиындықтар туындаған. Мемлекеттік қызмет көрсететін сайттар жүйелі жұмыс істемей, тоқтап қалған. Азаматтарға e-gov арқылы қызмет көрсету сапасы төмендеген. Сондықтан Онлайн қызмет көрсету саласына бірден-бір жауапты министр Асқар Жұмағалиев  басты екі проблеманы шешу керегін нақтылап айтты.
Бірінші – еңбекақы төлеу қорынан аударымдар мен салық төлемдерінен босату түрінде салаға қаржылық қолдау көрсету. Мұндай қадам IТ-компанияларға осынау қиын кезеңде жоғары санатты мамандардың санын қысқартпай, жұмыс істеуіне жағдай жасаса, елдегі цифрландыруды ілгерлетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру барысына жергілікті шағын және орта бизнес, оның ішінде ІТ салада негізгі рөл атқарып отырғандардың жауапкершілігін күшейту өте маңызды.
«Мәселен, Мемлекет басшысы Үкіметке қазақстандық ІТ-компанияларды әлеуметтік қолдауға бөлінген қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын мониторингілеудің тиімді тетіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін платформа әзірлеуді тапсырды. ІТ мамандарды осы жұмысты белсенді түрде іске асыруға шақырамын», – деді Асқар Жұмағалиев.

Шетелде де онлайн қызмет көрсету сапасы нашарлады

Дүниенің төрт бұрышына түгел жайылған пандемия денсаулық сақтау саласымен қатар экономиканы да тығырыққа тіреді. Мысалы, АҚШ-тағы жергіліктің БАҚ-тың жазуынша, Нью-Йорк, Пенсильвания, Мичиган, Флорида штаттарында онлайн қызмет көрсету сапасы күрт нашарлаған. Мамандардың айтуынша, оған интернет арқылы онлайн қызмет алудың күрт көбейгені себеп болып отыр. Мәселен, Нью-Йоркте дүйсенбіде пандемияға байланысты аяқасты он мыңдаған адам жұмыссыз қалғандықтан,  жұмыссыздық туралы веб-сайт санаулы сағатта жұмыс істемей қалды. Ал Канада әлеуметтік көмек көрсететін арнайы сайт ашуға 6 сәуірге дейін ашуға қамданып жатыр. Екі-үш күнде жаңа сайт іске қосылады. Ең күрделі мәселе онлайн оқу төңірегінде шоғырланып отыр. Оның ішінде, мектеп оқушылары мен студенттер үшін интернет байланысың жылдамдығы баяулап, кедергілер көбейген. Wi-Fi апаттары қолжетімсіз, тапшы дүниеге айналды. Сондай-ақ әлемде MyGov веб-сайты шектен тыс жүктемені көтере алмай, істен шықты. Халық шарасыздықтан жапа-тармағай Centrelink-тің қызметін пайдалануға көшті. Ал осы аптада Италияда жұмыссыздар мен әлеуметтік төлем алатындардың өтінішін қабылдайтын мемлекеттік портал бас-аяғы екі сағаттың ішінде істен шығып, мыңдаған адамды әуре-сарсаңға салды. Басты себеп, сервер бұрын-соңды мұндай көп өтінішті қабылдап көрмеген. Экономикасы көш ілгері дамыған Сингапур да қазіргі кезде қиындықтарға тап болып отыр. Сингапурда 500 АҚШ доллары көлемінде мемлекеттік жәрдемақыны аламын деген мыңдаған адам кезекте тұр. Оған қоса, әлемде алпауыт компаниялар жұмысын тоқтатқандықтан, жұмыссыздар саны көбейді. Дамыған елдер үшін халықтың денсаулығы мен қатар күнкөрісі проблемаға айналды. Дамыған елдердің өзінде пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы – карантин жариялау деп шешкенімен, үйде отырған халықты асырау, азық-түлікпен қамтамасыз етуде қиындықтарға кездесіп жатыр.  width= Фото: Интернеттен алынды Сондықтан әр елде әртүрлі көлемде әлеуметтік жәрдемақы тағайындады. Қазына қаржысы жеткілікті мемлекеттер алпауыт компаниялардың қызметкерлерін ақылы демалысқа шығарды. Бірақ «жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартты». Әлемдік мұнай бағасының құлдырауы экономикасы шикізатқа байланған елдерге ауыр соққы болды. Оған қоса, доллар бағасының құбылмалы курсы әр мемлекет үшін шұғыл шешімдер қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Әлем елдері бұл тығырықтан шығу үшін ғылым мен техникасы дамыған елдерден көмек сұрауға мәжбүр. Дамушы мемлекеттерге гуманитарлық көмек беріп жатқан мемлекеттер де бар.  width= Фото: Интернеттен алындыПандемияның салдарынан туындаған ауқымды дағ­дарыс жағдайында ең алдымен қарапайым азаматтар кө­мекке мұқтаж. БҰҰ мәліметтері бойынша тұрмысы төмен отбасылар көмекке аса мұқтаж. Ал Қазақстанда Пандемиядан туындаған дағдарыста онлайн қызметке сұраныс күрт өсті. IT компаниялардың жұмысы жанданды. Кездескен кемшіліктер мен кедергілерді жоюға да мемлекет басты назар аударып жатыр.
Бір жағынан – бұл дағ­дарысты еңсеруге көмек берсе, екінші жағынан – құлдырап бара жатқан ішкі сұранысты, ұлттық экономиканы дамытуға түрткі болады. Бұл жағдайда Қазақстан тығырықтан шығу үшін жан-жақты шараларды қолға алды. Қарапайым заттар экономикасын дамытуға басты назар аударып отыр.
Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­ма­­сымен құ­рыл­ған Birgemiz қоры аза­маттарға атаулы көмек көр­се­ту­ді қолға алды.    width= Осыған байланысты Қор 150 мың­нан астам азаматқа 50 мың тең­ге мөлшерінде тікелей ақша­лай көмек көрсету туралы шешім қа­былдады. Бұлар, негізінен, ка­ран­тинде тұрмыстық қиындықтарға тап болған 23 ірі қаланың тұр­ғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қор­ғау органдары ұсынған көмек алу­шылар тізімінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топ­тар­дан құралған азаматтар қам­тыл­ған. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Ал­маты қаласында 2 мыңнан ас­там дәрігер де 50 мың тең­геден алатын болады. Індет жұқ­тыр­ғандардың 70 пайызға жуығы осы қалаларда шоғырланған. Осын­­дай күрделі жағдайда шы­бын жандарын шүберекке түйіп, вируспен күрестің алдыңғы ше­бін­де жүрген медицина қызмет­кер­леріне атаулы көмек берудің маңызы зор. Жұмыс орындарын сақтау, өндіріс процесін тоқтатпау, са­­лық төлеу секілді сансыз мін­дет­­тер бар. Соған қарамастан, олар­­дың көпшілігі Елбасының үн­деуіне қолдау білдіріп, аза­мат­тық танытты. Бұл көмек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен қолға алынып отыр. Коронавирустың қатерін дер кезінде жете бағам­да­маған бірқатар елдермен салыс­тыр­ғанда, Қазақстан вирустың таралуына жол бермеді. Мемлекет басшысының бас­шылығымен Үкімет пен әкімдер ал­дын ала белсенді жұмыс жүр­гізуде. «Мықты Президент – ық­пал­ды Парламент – есеп беретін Үкі­мет» формуласы дағдарысты ке­зеңде өз тиімділігін көрсетті. Бү­гінде Президент ұсынған қол­дау шаралары – ТМД елдері ара­сын­да ең көлемді, жүйелі және ре­сурспен қамтамасыз етілген дағдарысқа қарсы жоспар болып отыр. Оны жүзеге асыру үшін бюд­жеттен және Ұлттық қордан 5,9 трлн теңге бөлінді. Барлық қолға алынған іс-әре­кет, ең алдымен қазақстандық­тар­дың өмірі мен денсаулығын қор­ғауға бағытталған. Бұл – басты ба­сымдық. Мемлекет соңғы 2 жыл­да азаматтарды әлеуметтік қам­тамасыз ету бойынша көлемі ұл­ғайған міндеттемелеріне қа­ра­мастан, олардың орындалуына ке­пілдік береді. Еңбекақы, зейне­тақы, жәрдемақы уақытылы және толық көлемде төленеді.

«Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» қағидаты негізінде әрбір өтініш жеке қаралады

Осындай күрделі кезеңде Үкімет дағдарыстан шығу үшін қарапайым халыққа барлық жағдайды жасайды.  width= Фото: Интернеттен алындыОн­лайн қызмет көрсету – өмі­ріміздің ажырамас бөлігі. Төтенше жағдай «Цифрлы Қа­зақстан» бағдарламасын жос­парлы түрде іске асыру елдің денсаулығы үшін тиімді. Мем­лекеттік аппарат әлеуметтік маңыз­ды мемлекеттік қызмет түр­лерін онлайн алу қолжетімді әрі жылдам болады. Қазақстан мектептері мен жоғары оқу орындары кейбір қиындықтарға қарамастан, он­лайн білім береді. Уақытылы жа­­­салған көптеген іс-қимылдар мем­лекеттігімізді нығайтып, бүгін­де дағдарысқа қарсы тиімді сая­сат жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Пандемия мен дағдарыстан қиындықсыз шығу үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты толықтай жүзеге асады.