Коронавирустан қайтыс болған бесінші адамның кім екені белгілі болды
Коронавирустан қайтыс болған бесінші адамның кім екені белгілі болды
© inform.kz
180
оқылды
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов коронавирус індетінен қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғыны туралы айтып берді. Қайтыс болған 1947 жылғы ер адам — Целиноград ауданының тұрғыны. Бұған дейін дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозымен тіркеуде тұрған. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, биыл 1 наурызда науқастың көп ағзалық дертіне байланысты жағдайы нашарлаған. Бұл ретте тыныс алу, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі жоғарылап, күретамырлық қысым деңгейінің жоғары болғаны байқалды. «2 сәуірде науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, оның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Зерттеу жүргізу кезіндегі секциондық материалда COVID-19 анықталды. Науқас болған жерде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда», - деді С. Ілясов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды.