Елордада 44 бала стационарда карантинде жатыр
Елордада 44 бала стационарда карантинде  жатыр
© сурет интернеттен алынды
173
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирустан емделіп жатқандардың жағдайы туралы айтты. Коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдардың арасында бесеуі тұрақты ауыр жағдайда, үш науқастың өкпесі жасанды вентиляциялық аппаратқа қосылған. Басқарма басшысы ем-дом шаралары клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Қалған емделіп жатқан адамдардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу шаралары жалғасуда», - деді С. Қисықова. Оның сөзіне қарағанда, 4 сәуірдегі жағдай бойынша елордада инфекциялық стационарларда 862 адам жатыр, соның ішінде балалардың саны — 44. Қала бойынша коронавирус инфекциясының 202 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 186 адам стационарда, 17 адам емделді, бір адам індеттен қайтыс болды.