Сайлауға дайын
Сайлауға дайын
526
оқылды
Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық шеңберінде сайлау заңнамасының ережесіне сәйкес, барлық өңірде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан президенттігіне кандидатты қолдау үшін қол жинау басталды. Петропавлда «С.Киров зауыты» АҚ ұжымының жиналысы өтті. Кездесуге қатысушылар Nur Otan партиясы XIX кезектен тыс съезінің шешімін бірауыздан колдады.

«С.Киров зауыты» АҚ заң департаментінің директоры Серік Ахметбеков жетекшілік еткен басқосуда Петропавл қаласы мәсли­хатының хатшысы Арман Бердағұлов, зауыт кәсіподақ комитетінің басшысы Ирина Мальцева және кәсіпорынның жастар кеңе­сінің төрағасы Александр Решетар сөз сөйлеп, елдегі саяси науқан жөнінде пікір білдірді. Петропавл қаласы мәслихатының хат­шысы Арман Бердағұлов сайлаудың маңызы жөнінде айта келе, зауыт қыз­меткерлерін президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырды. – Бұл тарихи науқанға үлкен жауап­кер­ші­лікпен қарауымыз керек. Кезектен тыс Прези­дент сайлауы биліктің заңдылығын одан ары нығайту және елдегі тұрақтылықты қам­та­масыз ету үшін қажет. Алдымызда тұрған ен­дігі басты мақсат – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы саясатының алтын арқауы, басты өзегі болған ел бірлігі мен ынтымағының жара­сымды жалғасын қамтамасыз ету. 9 маусым күні өтетін Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына келіп, ел болып бірлігімізді танытып, азаматтық құқығымызды білдіріп, ауызбіршілігімізді көрсетіп, жауапты іске жұмыла кірісейік, – деді Арман Бердағұлов. Жиынға қатысушылар мемлекет тұрақтылығын, қоғамдағы келісімді сақтау, әрбір тұрғынның өмірін жақсарту үшін адамдардың мүддесіне сай экономиканы дамытуды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Әбілмансұр ЖАСАН