Түркістан облысына екі науқастың бірі коронавирусты анасынан жұқтырған
Түркістан облысына екі науқастың бірі коронавирусты анасынан жұқтырған
© Сурет ғаламтордан
2,248
оқылды
Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған 2 адам туралы тың деректер шықты. Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, аталған азаматтармен байланыста болғандарды оқшаулау жұмыстары жүріп жатыр. "2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған. 1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг барысында анықталған. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде", – делінген өңірлік басқарманың хабарламасында. Облыста жалпы 25 адамда коронавирус індеті расталды. Жетісай ауданында - 13, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 2, Ордабасы - 1, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2.