Бектеновты AIBA мүшесі қызметінен уақытша шеттетті Халықаралық бокс федерациясы (AIBA) ұйым қатарынан Қазақстан бокс федерациясын шығарып тастауы мүмкін. Бұл туралы ресейлік Championat.com хабарлайды. Құрамына Джорджио Бруньоли, Пэт Фиакко және Терри Смит кіретін тәртіпті қадағалау комиссиясының жұмыс тобы Бангкокте отырыс өткізіп АИБА атқарушы комитетінің және Азия бокс конфедерациясының (ASBC) берген шағымдарын АИБА Тәртіптік комиссиясына жіберу керек пе деген мәселені талқылаған. Комитет Азия бокс конфедерациясының бұрынғы басшысы Серік Қонақбаевтың архивтік және қаржылық құжаттарды конфедерацияның жаңа басшысына берудегі қабілетсіздігі туралы шағымды қарастырған. Өз кезегінде комитет AIBA Атқару комитетінің АИБА Тәртіптік комиссиясының іс-қимыл талаптарын орындау туралы қысқаша есеп беруін сұрады. Комиссия сондай-ақ, AIBA атқару комитетінің, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектеновтың олимпиадалық іріктеу турнирлерін басқаруға қатысты жаңа ұйым құру туралы ұлттық федерацияларды мәжбүрлегенін де қарастыруда. Комиссия AIBA атқарушы комитетіне бұл істі тәртіптік комиссияға жолдау туралы ұсыныс білдіріп, үнемі ұлттық федерациялармен кездесуге тырысып, тәртіптік кодексті бұзғаны үшін Бектеновты AIBA мүшесі қызметінен уақытша шеттетті. Абай Қазбекұлы