Көмекті бөлу кезінде азаматтардың қандай санаттары алғашқы басымдыққа ие? Қымбат операциялар үшін квота қалай бөлінеді? Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға немесе көп балалы отбасыларға жекелеген кезек бар ма? Міне осы сұрақтарға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева айтып береді. — Медициналық көмектің екі түрі бар – шұғыл және жоспарланған. Шұғыл медициналық көмек кезінде ешқандай да кезек болмайды, себебі ондай жағдайларда әрбір сағат, тіпті әр минут маңызды. Сондықтан да шұғыл медициналық көмек қажет болған кезде шұғыл медициналық көмек алу үшін медицина ұйымына жүгіну керек немесе 103 нөміріне хабарласу қажет. Жоспарлы медициналық көмекке келер болсақ, ол «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы реттеледі. Көрсеткіштер болған жағдайда дәрігер ауруханаға жатқызу үшін жолдама береді жəне емделушінің аты-жөні мен диагнозын ақпараттық жүйеге — «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына енгізеді. Науқастың ауруының түріне сәйкес медициналық қызмет көрсетілетін медициналық ұйым анықталады. Одан кейін, төсек орнының босауына, оның өткізу мүмкіндігіне қарай ауруханаға жатқызу күні белгіленеді. Ауруханаға жатқызу күні порталда көрсетілген күнмен сәйкес келмейтіні түсінікті, ауруханаға жатқызу кейінге шегерілуі мүмкін. Сондықтан да ол жоспарлы деп аталады. Алайда медициналық көмекті күту барысында науқасты ауруханаға жатқызуға кідіртуге болмайтын жағдай туындаса, ол шұғыл көмек көрсету санатына жатқызылады да, бірден ауруханаға жатқызылады. Стационарлық емделуге жекелеген кезек туралы айтар болса, мұнда да медициналық көрсеткіштерді басшылыққа алу қажет: щұғыл немесе жоспарлы. Жекелеген кезек жоқ. Дегенмен, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек түсінігі бар. Бұл қымбат тұратын медициналық қызметтерге қатысты: халықтың осы санаттарына басымдық берілген. Оларға — балалар, жүкті әйелдер, «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар, 1, 2, 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жасы бойынша зейнеттегі адамдар, ҰОС мүгедектері мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар кіреді. Сондықтан кез-келген медициналық ұйымда қымбат тұратын медициналық қызметке жолдама бірінші кезекте осы санаттардағы науқастарға беріледі. Мәселен, компьютерлік, магниттік-резонанстық, позитрондық-эмиссиялық томография және т.б.