Есмағамбетова карантин қашан аяқталатынын айтты
Есмағамбетова карантин қашан аяқталатынын айтты
© tengrinews.kz
228
оқылды
Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин қашан аяқталатынын айтты. «Карантин – коронавирус инфекциясын алдын алудың бірден-бір амалы. Үйде болыңыздар. Ешқайда шықпаңыздар. Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек болмаса аса қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шықпаған абзал. Үйіңізде де профилактикалық шаралар туралы ұмытпаңыздар. Дымқыл шүберекпен үйді тазартып, бөлмені желдетіп, үй жағдайына арналған ультракүлгінді сәулелендіргішті пайдаланыңыз. Ультракүлгінді сәулелер вирусты өлтіруде өте тиімді. Егер үйден шықсаңыз көшеде барынша сақтанып жүріңіз. Адамдардан екі метр қашықтықта болып, антисептиктерді қолданыңыз. Үйге келгенде қолды бетке апармай, міндетті түрде сабындап жуыңыз. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда жедел жәрдемге жүгініңіз. Өздігіңізбен ондай жағдайда үйден шықпаңыз», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер карантиннің аяқталуы – әрбір азаматтың тәртібіне байланысты екенін атап айтты. Еске сала кетсек, бүгінгі баспасөз мәслихатында мемлекеттік бас санитар шектеу шаралары күшейтілуі тиіс өңірлерді атаған еді.