Ақмола облысында 19 адам коронавирусты қайтыс болған адамнан жұқтырған
Ақмола облысында 19 адам коронавирусты қайтыс болған адамнан жұқтырған
© inform.kz
2,222
оқылды
Коронавирус табылған 19 науқас осы дерттен 2 сәуірде қайтыс болған адаммен байланыста болғандар, - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Бүгін қауіпті инфекция 19 ақмолалықтың бойынан табылды. Олар 2 сәуірдің қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғынымен байланыста болғандар адамдар. «Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Жақын байланыста болған 216 анықталды, оның 19-да коронавирус нәтижесі оң болды. Қазіргі кезде диагнозы расталған науқастардың барлығы Нұр-Cұлтан қаласындағы фтизиопульмонология орталығына және Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылды. Науқастардың ең үлкені 1933 жылғы, ең жасы 1984 жылы туған азаматтар», - дейді ведомстводан. Сонымен қатар, облыстың станционарында 423 науқас жатыр. Жұқпалы аурларда – яғни, 19 науқас Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында. Провизорлықта – 90 науқас болса, карантиндік стационарда (бақылауда) – 312 адам жатыр. Ал, үй карантинінде 737 адам бар.