Қажет кезде цех ашты
Қажет кезде цех ашты
353
оқылды
Елбасы – Nur Otan партиясының Тө­ра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­­­сырмасымен #BizBirgemiz акциясы жүріп жатыр. Аталған акция ая­сында Nur Otan партиясының мү­ше­сі, шымкенттік кәсіпкер Оразалы Кен­же­беков бетперде тігетін цех ашты. Кәсіпорын іске қосылған алғашқы күндері кү­­­ніне 2 000 дана бетперде тігілсе, бүгінде қар­қын­­ды жұмыстың арқасында оның саны 4 000-ға жетті.
– Тігін цехында 27 жұмысшы бар. Олар ең­бе­гінің ақысы ретінде күніне 3 000 теңгеден ала­ды. Бетпердені көпшіліктің қажеті үшін ға­на тігеміз.  Бұл бизнес емес, ешқандай пайда кел­мейді. Керісінше, шығыны көбірек.  Бірақ  елі­міз үшін осындай қиын кезеңде шын ние­тіміз­бен  көмек қолын созғымыз келді, – дейді Оразалы Кенжебеков.
Айта кетейік, Оразалы мұндай қайырым­ды­лық жобаға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бұ­ған дейін де ерікті түрде көптеген қоғамдық жұ­мысқа белсене атсалысып жүрген ол «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 100 көп­ба­лалы және аз қамтылған отбасыға тігін ма­ши­на­лары мен электр пештерін сыйға тартты. Ол мұ­ны көпбалалы аналардың өз ісін ашуына жәр­демдесу үшін жасаған.
– Кез келген кәсіп қарапайым адамдардың игі­лігі үшін керек, – дейді О.Кенже­беков.
 

Әбілмансұр ЖАСАН