Блокпосттардың жұмысын күшейту керек – Бердібек Сапарбаев
Блокпосттардың жұмысын күшейту керек – Бердібек Сапарбаев
Фото: Интернеттен алынды
199
оқылды
Жамбыл облысы әкімдігінде бейнеселекторлық режимінде өткен облыстық жедел штаб отырысында коронавирустың таралуына жол бермеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, облыс орталығында карантин енгізілуіне байланысты жедел штаб құрылды. Оның құрамына полиция, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және басқа да қызметтердің өкілдері кірді. Қала периметрі бойынша 7 Блокпост орнатылды, олар қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Карантин кезінде барлық автокөлік түрлері мен азаматтардың қозғалуы, қоғамдық көлік қозғалысы шектелді. Жиында Бердібек Сапарбаев блокпосттардың жұмысын күшейту, материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды.
«Өңірдегі аталған дертке шалдыққандардың көпшлігі – облысқа өзге өңірлерден келгендер. Осыған орай блок-бекеттердегі жұмысты күшейту қажет. Кеше мен кейбір блок-бекеттерде болып, ондағы жұмыстардың өте әлсіз ұйымдастырылғанына көз жеткіздім. Көлік пен азаматтардың қозғалысын бақылау нашар жүргізілуде, көбіне салғырт қаралуда. Мұндайға жол беруге болмайды. Әсіресе, Қырғыз Республикасымен шекарадағы Қарасу және Айша бибі өткізу пункттерінің жұмысын барынша ширату тиіс, – деді Сапарбаев.