Маска сатылмайды, тек қана тегін таратылады
Маска сатылмайды, тек қана тегін таратылады
Фото: Интернеттен алынды
222
оқылды
Түркияда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы алдын алу шаралары кезең-кезеңімен қабылданып жатыр. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоғанның отандастарына жасаған телеүндеуінде айтты. Түркия билігі халыққа медициналық масканы тегін таратуға кіріскенін, ал олардың ақшаға сатылуына тыйым салынғанын хабарлады. Ердоғанның айтуынша, Түркияның денсаулық сақтау жүйесі күн сайын 20 мыңнан астам коронавирус инфекциясына тест жүргізе отырып, «маңызды кезеңнен» өткен. Бұдан бөлек, Ердоған Ыстанбұл әуежайы ауданында инфекция таралмас үшін 1000 төсек-орындық тағы екі аурухана болатынын мәлімдеді. Түркия басшысы ел үкіметі COVID-19 пандемиясы аясында тағы 2,3 миллион отбасына көмек көрсету жоспарын дайындап жатқанын айтып өтті. Ол өткен аптада басталған Ұлттық ынтымақтастық науқаны кезінде қайырымдылыққа 1,5 миллиард түрік лирасы жиналғанын айтты.