Үш биге ескерткіш қойылады
Үш биге ескерткіш қойылады
516
оқылды
Биыл – Ұлы дала дана­ла­рының бірі Әйтеке би Бәй­бек­ұлының 375 жылдық мерей­тойы. Бұл айтулы дата Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы №228 бұйрығы бойынша 2019-2021 жылда­ры өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тіз­бе­сіне енген. Аталған шара­ға байланысты Әйте­ке би Бәйбекұлының 375 жыл­­дық мерейтойына орай, ұлттың ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге орнатыл­ған ескерткіштің салта­натты ашылуы болды. Халықаралық «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» қайы­рым­­дылық қоры Түркістан облы­сы Қазығұрт ауданында Шымкент – Ташкент халықаралық күре жолы­ның бойындағы «Бабалар ру­хына тағзым» кешеніне ұлты­мыз­дың ұлы билері Төле, Қазы­бек, Әйтеке билерге биік тас тұ­ғыр үстіндегі айбынды ескерт­кіш­тер орнатты. Ескерткіш Мәдениет және спорт министрлігінің арна­йы комиссиясының шешіміне сәйкес, құзырлы органның бұй­ры­ғымен бекітілді. Ескерткіштің ашылуына Түр­кістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлес­т­ігі орталық кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақтықожа Із­мұхамбетов, Мемлекеттік ор­ган­­дардың өкілдері, Мәжіліс және Сенат депутаттары, қоғам қайрат­керлері, зиялы қауым өкілдері мен облыс жұртшылығы қатысты. Республикаға еңбегі сің­ген таны­мал әншілердің кон­церт­тік бағдар­ламасы ұлттық спорт ойындарына жалғасып, соңында ұлы билерге арнап ас берілді. Елбасы осы жылды Жастар жы­лы деп белгілегендіктен, «Жастар» саябағына ескерткіш орнату идеясын ойластырып, тұғырына қондырған белгілі ұлтжанды азамат, мемлекетшіл қайраткер, заң ғылымдарының док­торы, профессор Бекет Тұр­ғараев.  Былтыр осы «Бабалар рухына тағзым» кешеніне Ор­бұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдық мерейтойына орай, ұлы жеңістің қаһармандары Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс Баһа­дүрге арнап, екеуінің ат үстіндегі айбынды ескерткіші орнатылған болатын. Гүл БЕКЗАТ