Атырауда коронавирусқа шалдыққан екі науқас ауыр халде жатыр
Атырауда коронавирусқа шалдыққан екі науқас ауыр халде жатыр
Фото: Интернеттен алынды
180
оқылды
Coronavirus2020.kz-тің мәліметінше, бүгін таңертең Атырауда коронавирус жұқтырған тағы үш жағдай анықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, вирус жұқтырғандар арасында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт және 82 жастағы қария бар. «Зейнеткерге пневмония диагнозы қойылған. Оның жағдайы ауыр», – деп нақтылады облыстықтық денсаулық сақтау басқармасы. Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған. Осылайша, Атырау облысында Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 32 адамға жетті. Қазіргі уақытта 28 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Оларда аурудың жеңіл түрі байқалады. Екі адамның жағдайы орташа ауыр, тағы екі пациенттің жағдайы ауыр. Тиісті органдар науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап, оларды шұғыл оқшаулайды.