Көшбасшы партия көмегі тұрғындарға жетті
Көшбасшы партия көмегі тұрғындарға жетті
224
оқылды
Елімізде бастау алған #BizBirgemiz акциясының қол­­дауын Атыраудағы бір мың­нан аса отбасы көріп отыр. Қазақтың қайырым­ды­­лық қасиетін паш етіп отыр­­ған акция Nur Otan пар­тия­сының «Кедергісіз келе­шек», «Бақыт­ты отбасы», «Арда­герлерді ар­дақ­тайық» жоба­лары ая­сында мұқтаж жан­дарға ар­налған. Бұған дейін де Nur Otan пар­тиясының қолдауына ие болып, тұрмысының түзелуіне, ден­саулығына қарауға мүмкіндік туған жандар қазіргідей қиын жағдайда алғашқы болып жеткен партия көмегіне алғыс айтуда. Зейнеткер Ұлдай Мезизова да күні кеше акция аясында азық-түліктің мол қорын алып, ризашылық білдіріп отыр. – Ақшамыз жетпейді. Балам­ның дәрісі қымбат. Өзімнің қан қысымым бар. Оның үсті­не екі қолымды сындырып алып, ауруханадан шықтым. Мүгедек ұлыммен 10 жылдан астам уақыттан бері екі бөлмені жалдап келемін. Зейнетақы мен жәрдемақы дәрі-дәрмек пен пәтерақысынан аспайды. Nur Otan партиясы біздерге қиын жағдайда көмектесіп жатыр. Алғысым шексіз,– деген Ұлдай апа елімізге, халыққа амандық тіледі.   Қуантай БИСӘЛИЕВ, Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалының                                                                                        ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі: – Атырау облысы бойынша 1 500-ден астам отбасыға 30 мил­­лион теңгеге жалғызбасты қарт­тарға, тұрмысы төмен көпба­лалы отбасыларға, ерекше қажет­тіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакет байланыссыз үлестіріліп, көмек көрсетілді. Оларды партия белсенділері мен Jas Otan Жастар қанатының еріктілері үлестіруде. Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдас­тыруымен 80 жастан асқан 145 қартқа ыстық тағам таратылды. Атырау қаласының 7 санаты бойынша, атап айтқанда, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы асыраушы отбасылар, жас мөлшері бойынша ең төменгі зейнетақыны алатын және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының тізіміне ен­гізілген зейнеткерлер, ата-анасы жоқ және асыраушысынан айы­рылған балалар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген мүгедектер мен тыл қызметкерлерінен құ­рылған тізім саны 4 495 адам болды. Енді осы азаматтарға кө­­мек көрсету жұмыстары атқа­рылуда.  Ел басына күн туғанда көш­басшы партия азаматтарына осылайша қолдау көрсетіп отыр. Бұл – елдің рухын жанып, өмірге деген құштарлығын арт­тырады.      width=   Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы