Қиын кезде дем берді
Қиын кезде дем берді
293
оқылды
«Құс жолы» қайырымдылық қоры Алма­ты­дағы И.Жәкено­ва атындағы қа­ла­­лық кли­ни­ка­лық ин­фек­ция­лық ау­ру­­ха­наға оттегі кон­­цен­траторы мен шприц­тік на­сос­тар, тағы басқа да ме­­ди­­циналық құрал-жабдық алып берді. Сауап­­ты іс Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назар­­баев­­­тың #BizBirgemiz ак­ция­сы аясында жа­­салды. – «Құс жолы» қайырым­ды­­лық қоры реанимация бө­лімінде жатқан науқастарға үлкен кө­мек беріп жатыр. От­тегі кон­цен­тра­торы ауадан оттегі жасап, нау­­қастардың тыныс алуына кө­мек­теседі. Шприцтік насос – ем-дом­ның дозалық түрде ми­нутына қанша мөлшермен берілу ке­регін қадағалауға мүмкіндік туды­ратын аппарат. Қор құрыл­тайшылары медициналық ор­талыққа не қажет екенін сұра­ды. Біз науқастардың ем-дом алуы­на керек аппараттарды айт­­тық. Сол аппараттарды алып берді. Бұл – үлкен көмек. Осы ап­параттар науқастарды емдеу ба­ры­сында оң нәтижеге жетуі­мізге үлкен үлес қосады. Сол үшін қор басшыларына ал­ғысымызды айтамыз, – дей­ді реани­мация бөлімінің мең­геру­шісі Манас Әбілдаев. «Құс жолы» қорын кезінде «Қазкоммерцбанк» жанынан елімізге белгілі қаржыгер Дәу­лет Сембаев құрған. Бұл қор ме­дици­налық бағыт бойынша жұ­мыс істейді. Қазіргі таңда қайы­рымдылық істермен айна­лы­сатын жеке қор болып сана­лады.    width= – «Құс жолы» қорының құ­рыл­тайшысы Ермек Ша­мұратов және мен. Біз қа­ла­лық клиникалық инфекция­лық ау­руханаға хабарласып, көмек­тескіміз келетінін білдірдік. #BizBirgemiz акциясына үн қосқымыз келді. 160 төсектік бөлімшеде қазіргі таңда ең ке­ре­гі оттегі концентраторы мен шпри­ц­тік насостар екен. Әсі­ресе, реани­ма­ция бөліміне. Біз дәрі­герлермен сөйлесіп, науқастар­ға ем-шара жұмыс­та­рын жүр­гізу үшін не қажет екенін сұра­дық. Содан кейін 8 637 200 теңгенің медициналық құрылғысын сатып алдық. Реани­мация бөлімінің меңгеру­шісі өте риза болды. Тағы да қа­жет заттары бар екен, енді со­ларды қарастырудамыз. Құрыл­ғыларды шетелден алып келуге уа­қыт тапшы болды да, өз елі­мізден сатып алдық. Бұл медици­налық құралдар өте қымбат тұра­ды, – дейді «Құс жолы» қоры құ­рыл­тайшысының бірі Алмат Меңдібаев. Ол өздерінің бұл ак­цияны жарнамалағысы келме­генін айтады. Дегенмен біз осын­дай қысылтаяң шақта отандық меди­цина саласын, дәрігерлер­ді қолдаған, науқас­тар­­дың айығуына септігін ти­гізіп, сауапты іс жасаған аза­­мат­тарды көпке үлгі етіп көр­­сетуді жөн санадық. Әлем­ді ауыр дерт жайлап тұрған қиын кезеңде И.Жәке­нова атындағы қалалық кли­ника­лық инфекциялық ауру­хана дәрігерлері де күшей­тілген режимде жұмыс істеп жа­тыр. Науқастардың көптігінен дә­рігерлер 10 сағатқа дейін қор­ғаныш киімімен жүріп жұмыс істеуге тура келіп тұр. Бұл кез­де олардың тамақ ішуге де, аздап ты­ны­ғып алуға да мұршасы жоқ. Де­генмен жұмыстан шыққан соң қайтадан күш жинап, тынығуға барлық жағдай жасалған. Олар коронавирус инфекциясының кең таралмауына және ауырған­дарды емдеуге барын салуда. Көптеген жүрегі жұмсақ, жо­март жандар дәрігерлерге ал­ғысын білдіріп, тіпті ыстық т­а­мақ пен жұмысқа жеткізетін көлік­пен қамтамасыз етуде. Гүл­дер мен ыстық ықыласқа толы сөз­дер дәрігерлерге үлкен де­меу болуда.  

 width=    Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ