«Асыл Бөбектегі» жүздесу
«Асыл Бөбектегі» жүздесу
467
оқылды

Мәжіліс депутаттары мен Nur Otan партиясының мүшелері Светлана Унжакова, Евгений Козлов және Василий Олейник елордадағы № 64 «Асыл Бөбек» мамандандырылған балабақшасына барып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

№ 64 «Асыл Бөбек» мамандандырылған балабақшасы – елордадағы бірегей мекеме. Ол 2012 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша салынған. Бүгінде балабақшада 155 бала тәрбиеленуде. 
– Бізде ерекше білім алу мұқтаждығы бар балалар, әсіресе, тірек-қимыл аппаратының бұ­зылуы, ақыл-ойының артта қалуы, сөйлеудің ауыр бұзылуы бар балалар арнайы топта тәр­бие­ленеді. Біздің басты мақсатымыз – бала­лар­дың қоғамдағы әлеуметтік бейімделуіне және білім беру интеграциясына лайықталған, – дейді балабақша басшысы Жанар Мұқашева.  
Бүгінде орталықта түрлі маман иелері – ло­гопед, психолог, дефектолог, әлеуметтік пе­да­гог және тағы басқа қызметкерлер еңбек етуде. 
– Nur Otan партиясы балаларымызға қам­қор болып, қай істе болмасын қолдау көрсетіп келеді. Балабақшада партияның қатысуымен көптеген іс-шара, атап айтқанда, түрлі кон­церттік бағдарламалар, қайырымдылық ша­ралары, спорттық ойындар ұйымдас­тыры­лады. Мұнда тәрбиеленушілер үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ орталықта балаларға лайықтап жасаған кең сыныптар, шағын кинотеатрлар, арнайы ван­налар, тера­певтік және сауықтыру бөлмелері, бассейн, бір сөзбен айтқанда бәрі қолжетімді, – дейді Ж.Мұқашева. 
Депутаттар мекеменің қызметкерлерімен және балалардың ата-аналарымен кездесу кезінде қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін заңнамалық деңгейде қандай қадамдар жасалып жатқанын баяндап, мұндай кезде­сулердің маңыздылығы туралы айтты. 
Шара соңында халық қалаулылары бала­бақша қызметкерлеріне жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. 


Әбілмансұр ЖАСАН