Алматыда көшеде себепсіз жүргендерге айыппұл салына бастады
Алматыда көшеде себепсіз жүргендерге айыппұл салына бастады
© tengrinews.kz
168
оқылды
Көшеде себепсіз жүрген алматылықтарға айыппұл салына бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz. Себепсіз сыртта жүрген 105 адам жауапкершілікке тартылды. Оның 55-іне айыппұл салынды.
"Алдыңғы тәулікте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының 476 бабының, 6-бөлігі бойынша төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жалпы әкімшілік жауапкершілікке 59 адам тартылды, оның ішінде 26 адам қамауға алынып, 32-сіне айыппұл салынды. Тағы 1 адамға ескерту жасалды. Шектеу шаралары қабылданғалы бері барлығы 105 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 46 адам қамауға алынып, 55-іне айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Кеше Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 65 әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде 31 адам әкімшілік қамауға алынса , 33 адамға айыппұл салынды және 1 адамға ескерту жасалды. "Қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін карантин басталғаннан бері блокпосты айналып өтпек болған (ҚР ӘҚБК 476 бабының 1 тармағы) 204 адам жауапкершілікке тартылды, оның 108-і қамауға алынды. Қалғанына айыппұл салынды. 203 адам қамауға алынып, 194 адамға айыппұл салынды. Тағы 14 адамға ескерту жасалды", - дейді полиция өкілдері.