Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-07.04.2020
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-07.04.2020
© inform.kz
189
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Синоптиктердің болжамынша, 7-8 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. «Қазгидромет» РМК СҚОФ директоры Қымбат Мерғалимованың айтуынша, циклон Салехард өңірінен (РФ) келген. Күн суытып, бүгін түнде ауа температурасы 0 мен - 8 градус аралығында болады. Жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін. Облыстың Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев, Шал ақын, Жамбыл, Қызылжар аудандарында жауын-шашын қалыптан артық жауып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетпек. Ал 10 сәуірден бастап күн жылына бастайды, бұл күні ауа температурасы +12 градусты көрсетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде 8 сәуірде таңертең және күндіз -9 сәуірде тәулік ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, оңтүстікте термометр +3 градусты көрсетеді. 8-9 сәуірде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа төмендейді. 8-9 сәуірде түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 8 наурызда түнде екпіні 25 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді. Шымкент қаласында 8 сәуірде тәулік бойы, 9 сәуірде түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градус аязға дейін күрт төмендейді. 8 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Еске салайық, ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде автожолдар жабылды.