42 500 теңге зейнетақы жинағынан беріле ме?
42 500 теңге зейнетақы жинағынан беріле ме?
© сурет интернеттен алынды
211
оқылды
Мессенджерлерде 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат жинақталған зейнетақы қаражатынан алынып жатыр деген ақпарат жалған (фейк) болып табылады, - деп хабарлады coronavirus2020.kz. Мессенджерлерде таратылған 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат зейнетақы жинақтарынан алынды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төлеу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді. Азаматтардың жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.