Медициналық орталықтың жағдайы сын көтермейді
Медициналық орталықтың жағдайы сын көтермейді
265
оқылды
Таяуда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылындағы амбулатория туралы Іnaktau.kz сайтында «Крик души»: жительницу Мангистау ужаснуло состояние сельского медпункта» атты сыни мақала жарияланды. Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының және Түпқараған аудандық филиал мүшелері бұл жайтты ескерусіз қалдырмады. Nur Otan партия­сы Маңғыстау облыстық партия­лық бақылау комитетінің жаны­нан құрылған комиссия тобы ауылдық мед­пункттің жай-кү­йімен таны­сып қайтты. Зерделеу тобына пар­тия­лық бақылау инс­пекторы Р.Шал­баев, аудандық филиал төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары С.Жол­дасова, Маң­ғыстау облыс­тық Пар­тиялық ба­қылау комис­сиясы­ның төра­ғасы А.Сүгірбай және «Аманат» емханасының кар­дио­хирургі Н.Тлепов қатысты. Сынға ұшыраған Сайын ауыл­дық дәрігерлік амбула­то­риясы 2007 жылы 900 тұрғынға арналған медициналық пункт есебінде салынған. Бастапқыда орталыққа күніне 5 адам қаралуға келетін болған. Қазіргі уақытта ауылдағы тұрғындар саны 6 301-ге жетуіне байланысты күніне 50 адам орта­лық қызметіне жүгінеді екен. Бөлмелер саны аз болған­дық­тан қабылдау жүргізу дәрігерлерге қиындық тудырып отыр. Ал тұр­ғындар бұған наразы. Бүгінде әр дәрігерге, сондай-ақ зертхана мен күндізгі емдеу орталығына бөлек бөлмелер қарастырылып жатыр. Инфрақұрылымдарды дамы­ту өңірлік перспективтік жоспа­рына жаңа типтегі амбулатория құры­лысын салу үшін жобалық-смета­лық құжатын дайындау енгізілген. Арнайы жер учаскесі бөлінген. Жоба құны – 206 251 413 теңгені құ­рады. Құрылыс 2020 жылы ин­весторлар арқылы салынады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта дәрігерлік амбулаторияда 3 учаскелік дә­рігер, 1 күндізгі стационар дәрі­гері, 16 медбике, 5 орта буын қыз­меткері жұмыс істейді. Меди­циналық орта­лықта дәрігердің қабылдау каби­неті, аға мейір­бикенің кабинеті, дәрігерге де­йінгі кабинет, дені сау балаларға арналған кабинет, күн­дізгі ста­ционар кабинеті, егу ка­бинеті, дәрілік заттарды сақтауға арнал­ған кабинет, ЖҰЖ кабинеті, са­нитарлық кабинет, жедел жәр­дем кабинеті, жүкті әйелдерді қабыл­дауға арналған акушерлік кабинет жұмыс істеуде. Жөндеуге құжат­тар жасақталып, облыстық Ден­саулық сақтау басқармасына тапсырылған. Алайда бұл мәселе 3 жыл бойы облыстан қолдау таппай келе жа­тыр. Осыған орай, Сайын Шапа­ғатов ауылында орналасқан амбу­латорияның жағ­дайы бойынша Nur Otan пар­тиясы Маңғыстау облыс­тық фи­лиалы Партиялық бақылау ко­миссиясы облыстық Денсаулық сақтау басқармасына хат жол­дады. Алдағы уақытта Сайын ауылдық амбулаториясы пар­тияның толық­тай бақылауында болады.  

Әбілмансұр ЖАСАН