COVID-19: Атырау облысында індетке шалдыққандарға қатысты тың мәліметтер айтылды
COVID-19: Атырау облысында індетке шалдыққандарға қатысты тың мәліметтер айтылды
Фото: Интернеттен алынды
259
оқылды
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандарға қатысты жаңа деректер шықты. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, Атырау облысында 4 адам ауруға шалдыққан. Оның ішінде, Атырау қаласында  – 3, Жылыой ауданы – 1. Олардың барлығы вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олар барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр дейді штабтағылар. Соңғы мәлімет бойынша, Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 36-ға жеткен.