Коронавирус адамдарға азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы мүмкін
Коронавирус адамдарға азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
249
оқылды
Вирустар азық-түлік қаптамаларында бірнеше күн өмір сүруі мүмкін. Бұл туралы пульмонолог-дәрігер Сюзанна Хуггетт айтып берді, – деп жазады Bild басылымы. Дереккөздің жазуынша, пластик құтыларда коронавирус 72 сағатқа дейін сақталуы мүмкін. Қағаз, картон қораптарда коронавирус 24 сағатқа дейін өмір сүреді. Мұздатылған өнімдерде: коронавирус суықтан өлмейді, сондықтан вирус түскен тоңазытқыштағы өнімдер ұзақ уақытқа дейін қауіпті болуы мүмкін. Зерттеулерге сәйкес, вирус көкөністер мен жемістердің сыртқы қабығында бірнеше сағат сақталады. Дәрігер үйге келген соң дүкеннен әкелінген азық-түлік қораптарын тазартуға кеңес берді.
«Иммунитеті төмен адамдар тауарлардың қаптамалары арқылы вирусты жұқтыруы мүмкін», – дейді Хуггетт деп жазады 24.kz.
Сонымен бірге, сарапшы қаптамаларды қалай залалсыздандыру керек екені туралы кеңес берді. Қағаз қаптамалар: сатып алғаннан кейін тағамның қамтамасын алып тастауы мүмкін. Оны таза ауа мен күн сәулесі түсетін жерге, мысалы балконға қоя тұру керек. Пластик қаптама: оны алып қоқысқа тастау керек немесе дезинфекциялық затпен мұқият жуған жөн. Қаптамасыз өнімдерді жуу керек. Қабығын аршып тастаған дұрыс.