Қамқорлық кеңесінің отырысы өтті
Қамқорлық кеңесінің отырысы өтті
283
оқылды
Елбасы – Nur Otan пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­масымен халықтың әлеуметтік осал топ­тарына көмек көрсету бойын­ша birgemiz респуб­ликалық қоры құрыл­ды. Осыған орай Шығыс Қа­зақс­тан об­лы­сында облыс әкімі­нің әлеу­мет­тік мәселелер жө­ніндегі орын­басарының бас­шылығымен жедел штаб құрылды. Қор мақсатына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы негізінде алушылардың 7 санаты бекітіліп, сол бойынша әкімдер көмек алушылардың тізімін ұсын­ды. Олардың ішінде аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүге­дектер, мүгедек баланы тәр­биелеп отырған отбасылар, ең тө­менгі зейнетақы алатын және ха­лықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының тізіміне кіретін жасы бойынша зейнеткерлер, жетім балалар, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері бар. – Біздің облыста birgemiz – Shygys қорының филиалы ашылды. Онда Өскемен және Семей қалаларында тұратын осы санаттағыларға қолдау көрсету үшін қаражат жинақталды. ШҚО бойынша барлығы 12 419 адам көмек ала алады. Бекітілген тізім бойынша birgemiz рес­публикалық қоры 620 950 000 млн теңге бөлді. Өскемен қаласы үшін 250,2 млн теңге (5005 адам), Семей қаласы үшін 370,7 млн теңге (7414 адам). Материалдық көмек алушы тұлғалардың карточкаларына немесе шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражат қолма-қол аударылады, – деді Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан об­лыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков. Қамқорлық кеңесінің мүше­лері отырыс барысында көмек алушы азаматтардың тізімімен та­нысып, ұсыныстары мен пікір­лерін де қоса жеткізді. Nur Otan партиясы тарапынан азаматтарға берілетін 50 мың теңге көлеміндегі қаражат бүгіннен бастап аударыла бастайды. Сон­дай-ақ birgemiz қоғамдық қоры­ның жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.  

А.ЖАСАНҰЛЫ