Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 709-ға жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 709-ға жетті
tengrinews.kz
2,184
оқылды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам бар, - деп хабарлады coronavirus2020.kz. Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. 8 сәуір 13:45-тегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 43 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 72 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 709 науқас тіркелді.