Теңіз кеніші жабыла ма?
Теңіз кеніші жабыла ма?
265
оқылды
Атырау облысында covid-19 жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. Соңғы жұқтырған төрт адамның бірі Теңіз кен орнындағы вахта қызметкері. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 1970 жылғы әйел Теңіз кен орнында «ТШО» ЖШС мердігерлік ұйымдарының бірінде жұмыс істейді. Ол «Ватернас» вахталық лагерінде тұрған. Қазіргі уақытта ол инфекциялық изоляторға жатқызылып, жауапты органдар науқаспен байланыста болғандарды анықтады. Қарым-қатынаста болғандарды карантиндік стационарға оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. – Коронавирустық инфекцияның табылу фактісі өндірістік жұмыстарға әсерін тигізбейді, ТШО компаниясында өз жұмысшыларын қорғау мақсатында барлық жұмыстар ұйымдастырылған. Теңіз кен орнындағы барлық жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді, дезинфекция жұмыстары барлық нысандарда жүргізілуде, «ТШО» ЖШС кіре берістеріне төрт санитарлық пост орнатылды, – дейді компания басшылығы.

Тұрсын Жұмабекқызы, Атырау облысы.