Медициналық маска және қолғап кимеген сатушылар 26510 теңге айыппұл төлейтін болады
Медициналық маска және қолғап кимеген сатушылар 26510 теңге айыппұл төлейтін болады
Фото ашық дереккөзден алынды
237
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы азық-түлік дүкендерінің сатушылары жауапқа тартылып жатыр. Олар медициналық маска және қолғап киместен, тұрғындарға қызмет көрсеткен. Өткен демалыс күндері Алтай ауданында міндетті санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларды бұзу бойынша алты факті тіркелді. Айтып өткеніміздей, азық-түлік дүкендерінің сатушылары тұрғындарға медициналық маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсеткен. Еске салсақ, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес сауда нысандарында халыққа қызмет көрсеткен кезде қызметкерлер бір реттік медициналық маска мен қолғап (3 сағатта 1 рет ауыстыруы керек) кию тиіс. Аудандағы Серебрянка қаласының полиция бөлімі мен Алтай ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, Серебрянка қаласында тәртіп бұзған төрт адамды және Жаңа Бұқтырма кентінде екі адамды ұстады. Төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзған 6 азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 476-бабы, 6 тармағы бойынша 5 сәуір күні №2 аудандық сотта WhatsApp мобильдік қосымшасы арқылы іс қаралды. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін толық мойындады, оларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 26 510 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы.