42 500 теңге 216 мың қазақстандыққа тағайындалды
42 500 теңге 216 мың қазақстандыққа тағайындалды
© inform.kz
163
оқылды
216 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге беріледі, - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, 8 сәуірдегі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 миллион 688 мың 131 қазақстандықтан барлығы 2 миллион 755 мың 866 өтініш келіп түскен.
"Осылайша 1 миллион 67 мың 735 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.