Нұр-Сұлтанда коронавирусты жұқтыру айтарлықтай төмендеген
Нұр-Сұлтанда коронавирусты жұқтыру айтарлықтай төмендеген
© inform.kz
2,234
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қорғаныс және шұғыл әрекет ету қызметтерінің қатаң бақылауына алынған, - деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. Вирусты жұқтыру жағдайлары едәуір төмендеп келеді. Вирусты жұқтырған бір адаммен 10 адамға дейін жақын байланыста болған; Нұр-Сұлтан қаласына әкелінген жағдай 12%-ды құрады, тікелей елордада жұқтырғандар ‒ 29%; Нұр-Сұлтанның медицина ұйымдарына CОVID-19-ды анықтауға арналған айтарлықтай жеткілікті экспресс-тестер жеткізілді; Азаматтарды экспресс-тестілеу тек эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.