Tesla-ның көліктері өтпей, компания қызметкерлерінің жалақысын 30%-ке қысқартып жатыр
Tesla-ның көліктері өтпей, компания қызметкерлерінің жалақысын 30%-ке қысқартып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
315
оқылды
Tesla компаниясы сәуірдің 13-інен бастап қызметкерлерінің жалақысын 30%-ке қысқартады. Кейбір жұмысшыларды ақысыз демалысқа жібермек. Мұндай шешім коронавирустан компания зауыттарының жабылуына байланысты қабылданған. Бірлестік шешім екінші қаржы тоқсанының аяғына дейін созылатынын айтады. Жалпы, Tesla өз жұмысын мамырдың 4-і күні қайта бастауды көздеп отыр. Айта кетейік, АҚШ-та коронавирустың таралуына байланысты көлік сатып алушылар саны азайған. Салдарынан елде көлік сатылымы да күрт түсіп кеткен еді.