COVID-19: Тағы 32 адамның індетке шалдыққаны анықталды
COVID-19: Тағы 32 адамның індетке шалдыққаны анықталды
Фото: Интернеттен алынды
156
оқылды
Қазақстандағы коронавирус бойынша 9 сәуірдің 10:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 32 адам тiркелді. Ақмола облысында –  13 адам, Алматы қаласында –  1 адам, Қызылорда облысында –  7 адам, Батыс Қазақстан облысында –  2 адам, Атырау облысында –  3 адам, Қарағанды облысында –  2 адам, Шымкент қаласында 4 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 120 адам, Қарағанды облысында –  57 адам, Ақмола облысында –  56 адам, Атырау облысы –  39 адам, Жамбыл облысында –  45 адам, Шымкент қаласында –  27 адам, Шығыс Қазақстан облысында –  6 адам, Алматы облысында –  10 адам, Ақтөбе облысында –  11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  25 адам, Павлодар облысында –  1 адам, Маңғыстау облысында –  6 адам, Қызылорда облысында –  92 адам, Батыс Қазақстан облысында –  4 адам, Түркістан облысында –  34 адам, Қостанай облысында –  3 адам, жалпы 759 науқас тіркелді.