54 ғалым тәулік бойы демалыссыз коронавирусқа қарсы вакцина дайындап жатыр
54 ғалым тәулік бойы демалыссыз коронавирусқа қарсы вакцина дайындап жатыр
Фото: Интернеттен алынды
234
оқылды
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатқан қазақстандық ғалымдар туралы айтты. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кірісті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қазіргі уақытта бірнеше мемлекет 54 кандидат вакцина әзірлеуде. Олардың ішінен клиникалық сынақтар кезеңіне әзірге екеуі ғана өтті. Институтта барлығы 4 түрлі вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2-і векторлық және вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде 2-і суббірліктік. Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан кейін олардың ішінен ең тиімді және қауіпсізі таңдалып алынады. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары биологиялық қауіпсіздігі 3-деңгейлі BSL-3 зертханаларында нақты SARS-CoV-2 коронавирус штампдарымен жұмыс атқаруда. Вакцинаны әзірлеу тәулік бойы жүргізілуде. Институт – Қазақстан Республикасындағы медициналық иммунобиологиялық препараттарды дайындау, сынау және Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеудің отандық технологияларын әзірлеу жөніндегі міндеттерді шешетін жалғыз мемлекеттік ұйым. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ДДСҰ денсаулық сақтау саласына арналған аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу жөнінде шарт жасасқан.