Ақылбек Күрішбаев: Экономиканың кілті – ғылымды игерген жастардың қолында
Ақылбек Күрішбаев: Экономиканың кілті – ғылымды игерген жастардың қолында
Фото: Интернеттен алынды
290
оқылды
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласындағы айтылған терең ойлары мен дана сөздері қазақ елін қазіргі қиын кезеңнен мүдірмей өткізіп, жарқын болашаққа бастайтын сара жолдың негізі деп білуге тиіспіз. Өтпелі кезеңнің қиыншылығына қарамастан, Елбасымыз дер кезінде тиісті реформаларды жүргізе отырып, өзінің көрегендігінің арқасында дамыған елдердің ғылым мен білімге негізделген алдыңғы қатарлы тәжірибесін қабылдап, оны күнделікті өмірімізге енгізе отырып, бұрынғы Одақтың ыдырау салдарынан болған терең дағдарыстан халқымызды аман алып шықты. Оның қазақтың «Ақыл жастан, асыл тастан» деген дана сөзіне сәйкес жастарға сенім артып, барлық қиыншылыққа қарамастан, олардың алдыңғы қатарлы ғылым мен білімді игеруге мейілінше жағдай туғыза білгендігі – шын мәнінде данышпандығының белгісі. Егемендігіміздің алғашқы кезінде «Болашақ» бағдарламасымен дамыған елдерде білім алып, олардың ғылыми жетістіктерін меңгерген жастар бүгінгі күні өз жемісін беруде. Мәселен, біздің С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өзінен жас түлектеріміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде оқып, олардың ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін алып келіп, елімізде жүргізілген түбегейлі өзгерістер мен реформаларға өз үлестерін қосты. Негізінен, солардың бастамаларымен және де дамыған елдердің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарының көмегімен аграрлық ғылым мен білімді дамытудың заманауи жаңа жүйесін қалыптастыруға қол жеткіздік. Елбасымыздың кезінде берген тапсырмасына сәйкес университетімізді дамыған елдердегідей ғылыми-зерттеу университетіне айналдыру жолында, біршама істерді жүзеге асырдық.   [caption id="attachment_34362" align="alignnone" width="928"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Шет елдерде оқып, ғылыми ізденістердің алдыңғы қатарлы әдістемелерін меңгерген жас ғалымдарымыз бүгінгі таңда дақылдардың жаңа сұрыптарын шығару жұмыстарын гендік деңгейде жүргізуге қол жеткізді. Цифрлық технологияларды алғашқылардың бірі болып меңгерген біздің жас ғалымдарымыз оларды күнделікті тәжірибеге енгізе бастады. Әсіресе, ғарыштық мониторинг, егіншілікке дәлме дәл технологияларды кең көлемде енгізуде қол жеткізген нәтижелі жетістіктеріміз баршылық. Осының барлығы – жас ғалымдарымыздың ғылыми жаңалыққа деген құштарлығының бірден бір көрсеткіші. Мамандарды даярлаудың заманауи әдістемелерін меңгере отырып, олардың біліктілігін әлемдік деңгейге жеткізу мақсатында, оқу бағдарламаларының тәжірибелік бағытын күшейттік. Еуропадағы жетекші білім беру орталықтарының бірі болып саналатын Францияның Агропаритех университетімен бірлесе отырып, мамандарды даярлау сапасын арттырудың арнайы жол картасын қабылдап, жүзеге асырудамыз. Яғни, 5 жылдан соң біздің университетіміздің берген дипломдары аталмыш университеттің дипломдарына теңеліп, танымал болады. Тек, осындай деңгейдегі жас мамандар ғана экономикамыздың қарқынды дамуының кепілі болмақ. Шын мәнінде, өткен кезеңімізді саралап қарасақ, басымызға түскен қиын-қыстау заманда елді тығырықтан алып шыққан – Елбасымыздың қолдауымен жігерленген, «жас та болса, бас бола білген» еліміздің жас буыны. Олардың жаңалыққа деген ұмтылысы, таусылмас қайраты. Міне, бүгін де осындай кезеңде тұрмыз. Қазір барлық елдер дүниені шарлаған індеттен шығудың жолдарын іздеуде. Ал осы мәселені шешу бірінші кезекте жастардың үлесінде болары сөзсіз. Сондықтан Елбасымыз тағы да жастарды игі істерге ұмтылуға шақырып, оларға зор үміт артып отыр. Бұл жерде жастарға қойылатын бірінші талап – ол тәртіп пен эпидемиялық қағидаларды қатаң сақтау және соның жаршысы болу. Екіншісі – ол эпидемиялық ахуал түзелгеннен кейінгі экономикамызды қарқынды түрде дамытуда белсенділік таныту, оның жаңа, ұтымды жолдарын игеру. Ал бұл – тек қана ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделген істерді жүзеге асыру арқылы келетін тіршілік. Егер осыған қол жеткізсек, онда экономикамыздың дамып, елдігіміздің нығайып, биіктен көрінуіміз өмір шындығына айналмақ.