Алматыда коронавирустың жұғуы күрт төмендеді - Молдақасымова
Алматыда коронавирустың жұғуы күрт төмендеді - Молдақасымова
© tengrinews.kz
149
оқылды
Коронавирус инфекциясының таралу қарқынына байланысты Алматыда қатаң карантин режимі13 сәуірден кейін де сақтала ма? Бұл сұраққа қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова жауап берді. Онлайн брифинг барысында ол соңғы уақытта қалада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары сирегенін айтты. «Меніңше, карантинді әлі тоқтатқан жоқ. Шектеу шарттарын әлі де сақтау керек. Ауру жұқтыру көрсеткішінің азаюы ең алдымен адамдардың оқшаулануына байланысты болып отыр», - деді А.Молдақасымова. Алматының бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарына үйінен шықпауға кеңес берді «Қаланың қауіпсіздігі шектеу шараларын мүлтіксіз орындауға тікелей байланысты», - деді ол. Айта кету керек, Алматыда карантин режімі 19 наурыздан бастап енгізілген болатын. 28 наурыздан бастап карантин шаралары күшейтілді. Ал Қазақстанда COVID-19 пандемиясына байланысты 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.