Мекке мен Медине қалалары босап қалды
Мекке мен Медине қалалары босап қалды
© 24.kz
445
оқылды
Коронавирусқа байланысты қажылық уақытша тоқтатылғалы киелі Мекке мен Медине қалалары босап қалған. Сауд Арабиясы билігі алдағы апталарда COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының күрт артатынын болжап отыр. Бүгінгі таңда, ресми деректерге сәйкес, бұл елде вирусты 2795 адам жұқтырған және 41 адам көз жұмған.Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, көптеген қалаларда үй-жайлардан тәулік бойы шығуға тыйым салынған. Ал өткен жылы қажылыққа 2,5 млн-ға жуық адам барған.