Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел аман-есен босанды
Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел аман-есен босанды
Фото: Интернеттен алынды
237
оқылды
Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Facebook-тағы парақшасында жүкті әйел 8 сәуір күні перзентханаға келіп түскенін хабарлады. Оның босанатын уақыты жеткен. Тексеруден соң оған жедел-респираторлы вирусты инфекция диагнозы қойылған. Оның денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген. COVID-19 вирусына тексеру жүргізілген соң, оның науқас екені анықталды. Әйел баласын аман-есен босанды. Нәрестенің салмағы – 2970,0 гр, бойы 51 сантиметр баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестеден де COVID-19 вирусына анализ алынды. Әйелді COVID-19 вирусынан толық емдеп шығару үшін ол инфекциялық стационарға жатқызылды. Кезекші бригада мүшелері медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныш құралдарын пайдаланды. Кезекшіліктен соң олар бірден үйдегі карантинге жатқызылды. «Олар - өз ісін адал атқарып жүрген біздің заманымыздың батырлары, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының кезекшілер бригадасы: Ақбота Қоңқабаева, акушер – гинеколог Әйгерім Еңсепбаева - акушер Меруерт Аққайырова – неанатолог Айгүл Тұрғанбаева – балалар дәрігері», –деп жазды вице-министр.