Аудан жарықсыз қалды
Аудан жарықсыз қалды
278
оқылды
Түркістан облысында жауын-шашын мен қар­дың салдарынан аудан­дарда жарық өшіп қалды. Қазіргі кезде ауа райының қолай­сыздығынан зардап шек­кен елді мекендерді кезе­гімен электр жүйесіне қосу жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Сарыағаш аудандық әкім­дігінің мәліметінше, 8-9 сәуір аралығында болған қатты нө­сердің әсерінен Сарыағаш қа­ласы мен 7 ауылдық округте ағаш­тар құлаған. Электр сым­дары үзіліп, 27 213 абонент жа­рықсыз қалды. Жарықты қал­пына келтіру мақсатында ау­дан­дық электр жүйесі тарапынан 7 бригада мен 7 техника жұ­мыл­дырылып, электр желілерін қосу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бұдан бөлек, табиғи газ құбырлары да зақымданып, кей­бір елді мекендерде табиғи газ беру уақытша тоқтатылған. Жергілікті билік көп ұзамай бәрі қалпына келетінін жеткізді.  

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ