Оралда басшылар көшеде жүруге рұқсат беретін анықтама қағазын туыстарына таратып берген
Оралда басшылар көшеде жүруге рұқсат беретін анықтама қағазын туыстарына таратып берген
281
оқылды
Оралда 800-дей мекеме қызметкерлеріне қалада көшеде жүруге арнайы рұқсат берілген. «Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, кейбір мекеме басшылары бұл анықтамаларды туыстары мен достарына оңды-солды таратқан. Осындай келеңсіз жайттарға жол бермеу мақсатында аймақ басшысы қаладағы қозғалысты қадағалаудың жаңа жүйесін жасақтады. Айта кету керек, қазір өңірде төтенше жағдайға байланысты құрылған Ахуалдық орталық stopcovid.kz аталатын арнайы сайтын жасады. Бұл интернет-ресурста қатерлі індетке қатысты ең өзекті ақпараттар орналасады.
Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет және архив басқармасының басшысы Сәкен Нұртазаев: «Осы сайттың көмегімен мекеме-кәсіпорындар басшыларының атынан облыстың қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ең қажетті деп есептелетін қызметкерлерінің тізімін онлайн жолдай алады. Өтініштерді қарау автоматты түрде жүзеге асады және рұқсат анықтамаларды барынша жедел беруге мүмкіндік бар. Осы арқылы берілетін барлық анықтама полиция қызметкерінің қолындағы планшеттің «Сергек» қосымшасындағы дерекқорда көрініп тұрады», – дейді.