Табысы ортайған мейрамханалар
Табысы ортайған мейрамханалар
335
оқылды
Коронавирусқа байланысты әлем елдері карантин жариялап, адам көп шоғырланатын қоғамдық орынның бә­­рін жапқанын білеміз. Қазір еліміздегі пандемия жағ­дайында мейрамханалар мен түрлі дәмхананың барлығы дер­­лік жұмысын тоқтатты. Көптеген дәмхана қысылтаяң шақ­­­та кәсібін тұралатып алмас үшін онлайн қызметке көш­­­ті. Біздің онлайн қызмет деп меңзеп отырғанымыз – мейрамханалардың тапсырыс бойынша жеткізу қызметі. Бірақ дәмханалар мен кафелердің көптігін есепке алсақ, карантин кезінде онда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны да қысқарғаны анық. Сонымен елдегі мейрамханалардың қазіргі тыныс-тіршілігіне зер салып көрсек.  

«Жеткізіп беру» құтқарды

Карантин кезінде республика қалаларындағы тұрғындардың көбі тағам түрлерін такси арқылы алдыртып жатыр. Қазақстанда «Ян­декс.Такси» желісінде «Ян­декс.Еда» сервисі бар. Қазір бұл сервистің дәурені жүріп тұр деуге бо­лады. Бұған дәлел – карантин бас­талған соң аталған плат­фор­ма­ға қосылғысы келетін мейрам­ханалардың саны артқан. Кафе­лер мен дәмханалар табысы тө­мен­деген соң қолайлы жаңа са­тылымның түрін іздей бастаған­нан соң осы платформаға жүгінуге мәж­бүр. Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­сын­да «Яндекс.Еда» платформа­сына қосылғысы келетін мей­рам­ха­налардың саны 4 есеге өскен екен. Осы жағдайдан кейін «Ян­декс. Такси» компаниясы жеткізу қыз­меті үшін курьер жұмысшы­лар­ды көбірек тартуға дайын еке­нін хабарлаған болатын. Ел­дегі жұмыссыз қалған дая­шы­лар­ды жұмыспен қамтуға бұл да бір көмек болғаны анық. Өз кезегінде мейрамханалар да қамсыз қалмады. Түрлі плат­фор­малардың көмегіне жүгінбей-ақ жеткізу қызметін өздері атқара бастады. Ол үшін әлеуметтік же­лі­нің пайдасы көп тиді. Желіге кіре қалсаңыз мейрамханалардың жарнамасынан көз сүрінеді. Көбі жет­кізу қызметі үшін ақы сұра­май­ды. Бұрынғымен салыстыр­ған­да тағам бағасы да сәл төмен­деген. Яғни, карантин жағдайы кә­сіпкерлерді барынша мүмкін­дік­ті пайдаланып, тұтынушы­лар­дың сұранысын қанағаттандыруға үйретті деп айтсақ артық емес. Осы тұста мейрамхана иелерінен жұ­мыс режимі жайлы сұраған едік. – Қазір мейрамханамыз жа­бық. Кофе дайындау мен пабтың жұмысын тоқтаттық. Бірақ фаст­фуд өнімдерін тапсырыс арқылы өзіміз жеткізіп береміз. Тапсырыс беру үшін ешқандай платфор­ма­ның қажеті жоқ, әлеуметтік же­лідегі парақшамыз арқылы тағам түрін таңдап, қоңырау шал­са бол­ғаны. Қызметкерлердің ешбі­рін жұмыстан шығармадық, алай­да 70 пайызын еңбек демалы­сына жі­беруге мәжбүр болдық. Каран­тин кезіндегі жұмыс кес­тесіне тө­­селіп қалдық, сол себепті табы­сымыз ортайған жоқ. Ал каран­тиннен кейінгі шаққа жос­пар әзір­лемедік, бұрынғы жұмыс ре­жиміне қайта оралатын шығар­мыз, – дейді Papa Sergio мейрам­ханасының иесі, кәсіпкер Барлы­бай Сержан. – Қазір карантин болған соң тойхана жұмысын түгел тоқтатты. Барлық қызметкер қысқарды. Төтенше жағдай енгізілмей тұр­ған кезде айына 7-8 той өткізе­тінбіз. Әр тойға адам басына 8 мың теңгеден. Орташа есеппен бір тойдан мейрамхана басшы­лығы даяшы мен өзге де шығын­дардан бөлек 2 млн теңге табыс табатын. Одан бөлек, ұжымдық отырыстар мен шағын туған күн мерекелері тағы бар. Онда адам басына 15 мың. Қазір мейрамхана басшылығы миллиондаған та­бысының бәрінен қағылып отыр, – дейді «Сахил» тойха­насының әкімшісі болып жұмыс істеген Рақымбек Ерікұлы.    width= Карантин басталмай тұрып көшеде төртбұрышты сары дорба асынған адамдарды көп көретін­біз. Бұл Glovo тағам жеткізу плат­формасының қызметкерлері еді. Платформа қазіргі кезде күнде­лікті 9.00-22.00 уақыт аралығында тап­сырыс қабылдап, мейрамхана мә­зіріндегі қалаған тағамыңызды жеткізіп береді. Дегенмен бұл плат­­формаға қосылғысы келетін мей­рамханалар «Яндекс.Еда» плат­формасына қарағанда аз сы­ңайлы. Жеткізіп беруші қызмет­кердің сөзінен аңғарғанымыз осы болды. – Карантин басталмай тұрып күніне оннан астам тапсырыс бе­­рушіге тамақ жеткізетінмін. Алғашында карантин жайлы хабарланып жатқанда тапсырыс көбейді. Бірақ қазір көшеде жү­руге шектеу бар. Сол себепті кө­лігі бар адамдарға ғана тап­сырыс жеткізу оңайырақ. Оның үстіне, қазір мейрамханалар біз секілді мекемелердің қызметін пайда­лан­бай-ақ өздері жеткізіп беретін болған. Бүгінгі күні осы себептер­ден тапсырыс көп түсіп жатқан жоқ, – деді Жасұлан Әбдіғалымов.  

Індет кедергі емес, заң кедергі

Кейбір мейрамхана иелеріне карантин де кедергі болмады. Әңгіме заң бұзған кәсіпкерлер жайында. Төтенше жағдай тала­бын бұзған мейрамханалар азаяр емес. Еліміздің кез келген өңі­рінде анықталып жатыр. Тойдан түсетін қыруар табыс адам саулы­ғынан да бағалы дерсіз. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс­тің 476-бабы, 6-тармағына сәйкес 10 тәулікке қамауға алып, айыппұл салу қарастырылған. Шағын кафе иелерінен де айла асып жатқан жоқ. Терезесін қараңғылап, есігін іштен іліп келушілерге қызмет көрсеткен дәмханалар да бар. Осы секілді мейрамхана иелерінің кесірінен сәуір айына дейін бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай ережесін бұзған 113 адам анықталған екен.  

Әлемдегі жағдай қандай?

Пандемия жағдайында әлем елдерінің түгелі дерлік біз атап отырған мейрамханалар мен ка­фелерге тыйым салды. Деген­мен дүниежүзі тұрғындарын үй­ден шық­пауға шақырып жатқан тұста Швеция мұндай қадамға асыға қоймады. Қазіргі кезде мұнда дәм­ханалардың басым бөлігі жұмы­сын тоқтата қойған жоқ. Бұл елде азаматтарды үйден жұмыс істеп, мүмкіндігінше оқшаулануға үндеу жарияланған. 27 наурызда Шве­ция билігі 50 адамнан асатын қо­ғам­дық ша­раларға тыйым сал­ды. Алайда бұл шектеу мейрам­хана­ларға кедергі келтіре қоймасы анық. 10 млн-нан астам халқы бар Шве­ция­да қазір 8,5 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Би­лік шектеулерді енді ғана қа­таң­­датуға көшіп жатыр. Әуелде көп­­те­ген ел Швеция секілді сая­сат ұс­танғысы келгенімен, ін­детке шал­дыққан­дар көбейген соң мей­рамханаларға тыйым салған болатын.    
Түйін: Елдегі төтенше жағдай кезінде мейрамханалардың ты­ныс-тіршілігі жайлы азды-көпті баян­дадық. Кафелердің жабылуы бірін­ші кезекте қоғамның саулы­ғы үшін қажет болса, екінші ке­зекте кәсіп­керлердің қолына тұ­сау болғаны анық. Алайда адам сау­лығы бірінші орында екені анық.
 

 width=    Мадияр ТӨЛЕУ