Birgemiz қоры 50 мың теңгеден үлестіре бастады
Birgemiz қоры 50 мың теңгеден үлестіре бастады
308
оқылды
«Сіздің шотыңызға Birgemiz қорынан 50 000 теңге түсті. #BizBirgemiz #Елбасы #Nur Otan». Осындай хабар­ла­ма әлеуметтік жа­ғынан әлсіз топтарға жататын қа­зақстандық отба­сы­ларға жолдануда. Елбасы – Nur Otan партия­сы­ның Төрағасы Н.На­зар­баев­тың бас­тамасымен құрылған Birgemiz рес­публикалық қоғамдық қоры Қам­қоршылық кеңесінің өткен ап­тадағы отырысында коронави­рус­пен күрес жағдайында халық­тың әлеуметтік әлсіз санатына кі­ре­тін мұқтаж жандарға 50 мың тең­­геден бөлу туралы шешім қа­был­данды. Бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жос­пар­ланды. Әйтсе де, өңірлерден түс­­кен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, партияның онлайн ресурс­та­ры­­на көмек сұрап хабарласқан аза­маттардың саны екі есеге артты. Сон­дықтан Елбасының тапсыр­ма­сы бойынша Мемлекет басшысы­ның бастамасымен қолға алынған #BizBirgemiz акциясының ая­сында, бірінші кезеңде қар­жы­лық қол­дауды 150 мыңнан аса мұқтаж аза­матқа көрсету туралы шешім қабылданды. Birgemiz қоғамдық қорының тө­рағасы Руслан Сакеевтің мәлі­ме­тінше, қазіргі таңда 50 мың тең­ге материалдық көмекті 50 мыңнан аса адам алып үлгерді. – 7,6 миллиард теңге қаражат ай­­­­мақтық қорлардың есебіне түсті. Ақша сол жақтан көмек алушы­лар­дың банктік есепшоттарына ау­дарылады. Бұлар негізінен ка­ран­тин қиындықтарын көбірек ше­гіп жатқан 23 ірі қаланың тұр­ғын­дары. Әкімдер мен әлеуметтік қор­ғау органдары ұсынған көмек алу­шылар тізімдерінде табыс дең­гейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топ­­тардан құралған азаматтар қам­тыл­ған. Оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқ­таж мүгедек жандар, мүмкіндігі шек­теулі бала тәрбиелеп отырған от­басылар, ең төменгі зейнетақы ала­тын және әлеуметтік жағынан әл­сіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС-ның арда­гер­лері мен оларға теңестірілген тыл ең­беккерлері бар, – деді Руслан Сәкеев. Сонымен қатар ол материалдық кө­мекті екінші деңгейдегі банктер ар­қылы жеке тұлғалардың кар­точ­каларына немесе ағымдағы есеп­шот­тарына аудару кезінде одан ко­миссия алынбайтынын айтты. Сон­дай-ақ бұл қаражаттың несие бойын­ша қарызы бар азаматтардың бе­ре­шегін өтеу үшін ұсталып қал­мауы да пысықталған. – Бүгін ерекше қажеттілігі бар ба­лаларды тәрбиелеп отырған от­басылар Birgemiz қоғамдық қоры­нан 50 000 теңге көмек ала бастады. Бұл Елбасы мен Nur Otan партия­сы­ның арқасында жүзеге асып отыр. Әлеуметтік саясатты дұрыс ба­ғытта жүргізіп, ардагерлерді, ерек­ше қажеттілігі бар балаларды жә­не тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын ешқашан қамқор­лық­сыз қалдырмайтындарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Осы­н­дай қиын уақытта әрбірінің есебіне 50 000 теңгеден аударып, мү­гедек балаларды да назардан тыс қал­дырмадыңыздар, – деп жазды «Орда» Нұр-Сұлтан қаласындағы аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарының бірлестігі» қоғам­дық ұйымының жетекшісі Салта­нат Есмағамбетова өзінің Facebook-тегі парақшасында. – Бүгін менің карточкама Birgemiz қорынан 50 мың теңге түс­­­кені туралы хабарламаны алып қуа­нып қалдым. Елбасыға және Nur Otan партиясына қазіргідей қиын кезеңде бізді елеп-ескергені үшін рақмет айтамын. Есітуім бойын­ша, мұндай көмекті аз қам­тылған көпбалалы отбасылар, I топ мүгедектері, жетім балалар алады. Қала тұрғындарынан карантин уа­қытында барлық қауіпсіздік ша­раларын қатаң сақтап, аса қажет бол­маған жағдайда үйден шықпау­ларын өтінемін. Біз бірге барлық сынаққа төтеп бере аламыз, – деді Алматы қаласының тұрғыны, үш баланың анасы Әсел Омарова. Жалпы Birgemiz қоғамдық қо­рының есепшотына 14 млрд тең­геге жуық қаржы түсті. Жуық арада 50 мың теңге көлеміндегі біржолғы төлемді індет жұқтырғандардың 70%-ға жуығы шоғырланған Нұр-Сұл­тан және Алматы қалаларының 2 мыңнан астам дәрігерлері де алады. Сондай-ақ «СҚ-Фармация» үкі­меттік операторымен Нұр-Сұл­тан, Алматы және Шымкент қала­лары тұрғындарының әлсіз топта­ры­на тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойылды. Жиналған қаражат және өңірлер бойынша бөлінген кө­мек туралы ақпаратты бақылап отыру үшін қор birgemiz2020.kz рес­ми сайтын ашты.  

Әбілмансұр ЖАСАН