Алматыда коронавирустан қайтыс болған науқас арнайы полигонға жерленетін болды
Алматыда коронавирустан қайтыс болған науқас арнайы полигонға жерленетін болды
Фото: Интернеттен алынды
208
оқылды
Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1956 жылы дүниеге келген. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте марқұм қала сыртындағы арнайы полигонға жерленетінін айтты. Алматыда коронавирус індетінен көз жұмған адамның оң талдауы 16 наурызда анықталды. Қосымша ауруларымен, атап айтқанда, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен, стенокардиясымен, артериялық гипертензиясымен байланысты, ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің – тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуымен прогрессивті нашарлады. 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23:50-де биологиялық қайтыс болғаны анықталды. Негізгі COVID-19 коронавирустық инфекциясы, расталған жағдай. Екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы диагноздары қойылған.