Нұр-Сұлтанда ауруханаға дезинфекциялайтын туннель арқылы кіреді
Нұр-Сұлтанда ауруханаға дезинфекциялайтын туннель арқылы кіреді
Фото: Интернеттен алынды
2,291
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында 10 дезинфекциялық кешен орнатылатын болады. Қала әкімдігінің бастамасымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен пайда болды. Бұдан былай дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмысқа кірісерден бұрын осы тоннель арқылы өтеді.
Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков: «Қондырғы бу генераторларының көмегімен жұмыс істейді. Дезинфекциялау сұйықтығынан бу шығаратын арнайы мотор бар. Бұл кешен арқылы өту киім қыртысындағы қауіпті патогендерді жоюға мүмкіндік береді. Қондырғыны медицина қызметкерлері күніне екі рет – жұмысқа кіргенде және ауысым аяқталған соң пайдаланады. Науқастар да осы кешен арқылы өте алады», – дейді.
Таяуда басқа медицина мекемелерде және адам көп жиналатын орындарда осындай дезинфекциялық туннель орнатылады.