Елде әмбебап әлеуметтік ID-карталар таратылмақ
Елде әмбебап әлеуметтік ID-карталар таратылмақ
230
оқылды
Әрбір азаматқа, соның ішін­де оқушылар мен зей­нет­керлерге берілетін карта тегін болмақ. Әмбебап кар­таны енгізу Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау ми­­нистрлігі мен «Еңбек ре­сурс­­тарын дамыту орта­лығы» АҚ жүзеге асыратын «Қазақ­стан азаматының әлеу­­меттік ID» жобасы аясын­да жүр­гі­зіледі. Жоба Ақтөбе қаласындағы сы­нақтан сәтті өтті. Енді оны еліміздің барлық өңірінде енгізу басталады. Картаны жылдың соңына дейін таратып біту жос­парланған. ID картаны барлық қазақс­тандық ала алады және ол тегін. Бірінші кезекте олар зейнет­кер­лерге, мемлекеттік жәрдемақының барлық түрін алушыларға, сон­дай-ақ оқушыларға беріледі. Карта берумен «Қазпошта» АҚ айналысады. Әмбебап картада бірқатар мемлекеттік қызметтер бірік­тіріледі: зейнетақы мен жәрдемақы алу, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу, сауда, медициналық және басқа да желілердегі тауарлар мен қызметтер үшін есеп айы­рысуға болады. Бұдан бөлек, жол жүруге 50% жеңілдік, шипажайда демалуға 100% өтемақы алу мүм­кіндігі бар. Бұл ретте картаға «мақсатты бақылау» деп аталатын жүйе енгі­зілмек. Мемлекеттің заттай жеңіл­дік­тердің орнына ақшалай беріле­тін қаражаттың (мысалы, балалар та­ғамы, қалалық көлікте жүру) басқа мақсаттарға жұмсалмауын қадағалауға қажет. «Әртүрлі нұсқалар қарас­тырылды, соның ішінде NFС тех­­нологиясы бар QR-кодтар мен смарт­фондарды пайдалану болды. Мұн­дай шешімдер белгілі бір қиындыққа байланысты қа­былданбады. Біріншіден, көп­теген зейнет жасындағы азамат­тар смарт-құрылғыларды толық қолдана алмайды. Екіншіден, бар­лық өңірдің тұрғындары интер­нетпен қамтылмаған. Сондықтан ID картаны – онлайн және офлайн пайдалана алу үшін пластикалық карта түрінде шығару туралы ше­шім қабылданды. Барлық азаматтар оны қалай пайдалану керегін біледі», – дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мүгедектікті белгілеу және әлеу­меттік қызметтерді көр­сету бойын­ша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаменті дирек­торының орынбасары Әлішер Елубаев.  

Анар ҚОНЫС