Карантиндік режимге қарамастан қоғамдық көлікте адам көп
Карантиндік режимге қарамастан қоғамдық көлікте адам көп
© сурет интернеттен алынды
219
оқылды
Алматыда карантин жағдайында қоғамдық көліктерде адамдардың көп екенін айтып шағымданғандар болды. Өйткені жолаушылардың көптігінен олар тиісті арақашықтықты сақтауы мүмкін емес. Әсіресе №57 бағыттағы автобус салонын бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген тұрғындар мәселенің тез арада шешілуін талап еткен. Алматы қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, қоғамдық көліктерге тұрақты мониторинг жасалып отыр. Олар қатаң карантин режиміне қарамастан, кейбір бағыттағы автобустарда адамның көп екені анықталғанын айтты. 9 сәуірде №57 бағыттағы автобусқа 2 автобус қосылса, бүгіннен бастап тағы 2 автобус қосылды. Сондай-ақ бүгіннен бастап №92, №29, №141, №118 және №38 бағыттарға қосымша автобус жүргізіле бастады. Алматы автобус парктеріне жолаушылар салонның 50 пайызынан аспауы керектігі ескертілді. Қалада карантиндік режимге байланысты қоғамдық көлік саны үш есеге дейін азайды. Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жолаушыларды тасымалдау қарқыны азайғанымен автобус жүргізушілерінің жалақысы бұрынғы қалпында қалатынын айтқан болатын. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ