Геннадий Головкин: 38 деген – жай ғана сан
Геннадий Головкин: 38 деген – жай ғана сан
253
оқылды
IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 8 сәуірде 38 жасқа толды. Ол өзінің туған күніне байланысты құттықтау жолдаған жанкүйерлеріне алғыс айта келе, Twitter-де арнайы бейнеролик жариялады. Онда ол «38 деген – жай ғана сан» деп жазыпты. Боксшы сонымен қатар «Бір жасқа есейдім, өзімді дәл қазіргідей ешқашан жақ­сы күйде сезінбегенмін. Тілек­теріңізге рақмет, қа­терден аман болыңыздар, рингке оралар күнді асы­ға күтіп жүрмін», – деп жазды Тwitter-де. Ал бірқа­тар ақпарат құралдары қазақ­стан­дық боксшы қыркүйекте Саул Канело Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін болжаған. Әзірге ауыз­ша келісім жасалған деседі. Бірақ қос боксшы да мұны ресми мәлімдеген жоқ. Геннадий Головкин 1982 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2004 жылғы Олим­­­пиада ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізіп, әуесқойлар арасында әлем чемпионы болған спортшы. Ол 2017 жылы The Ring жур­­­­налының нұсқасы бо­йынша «Әлемнің ең үздік бокс­шысы» атанса, сол жылы Boxingnews24.com сайты оны WBA, WBC тұ­жырымдары бойын­ша үздік деп таныған еді.  

Ардақ СҰЛТАН