Ерлігі еленбей қалған жауынгер
Ерлігі еленбей қалған жауынгер
©Сурет интернеттен алынды
476
оқылды
Капитан Қотырбай Құдагелдинов 1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған. Әскерге шақырылған соң, 301-ші атқыштар Сталин дивизиясы 1050 атқыштар полкі 8-ші атқыштар ротасының командирі болды. Қанды майданда ерлігі мен батылдығын көрсете білді.  Ротаның командирі ретінде қоршауда тұрған әскерімен қорғаныс шебін сақтап, күші басым қарсыласты жеңіліске ұшыратты.
 Әсіресе, оның 1945 жылы 2 ақпанда Ортвиг селосы ауданында Одер өзенінен өту кезіндегі шайқастағы ержүректігімен көзге түсті. Жаудың тоқтаусыз ұшқан оқтарына қарамастан Қотырбай Құдагелдинов ротасымен немістің қарсылығын жойды. Өзеннен өткен әскеріміз маңызды бекіністі қолға түсірді. Дегенмен жау 12 танкінің күшімен жоғалтқан шебін қайтарып алуда бірнеше рет шабуылға да шыққан.  
[caption id="attachment_34692" align="alignleft" width="505"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Ол бар-жоғы 20 адаммен өз шебін ерлікпен қорғап, 70-ке жуық немісті жойды. Алайда жау өзінің танктерінің әрі күшінің басымдылығын  пайдалана білді. 1945 жылдың 4 ақпанында екі жаяу батальонмен сол жақтан 34 танкі және оң жақтан 20 танкімен қоршап, шабуылға шыққан.  Осындай қиын кезеңде  де  Құдагелдинов сабырлық  танытып, ұтқыр шараларды пайдаланды. Міне, осындай батылдығымен жауынгерлерінің рухын көтерді. [caption id="attachment_34694" align="alignright" width="522"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Қызықты жайт, 17 жауынгер батыл және шебер командирдің басшылығымен екі күн бойы қарсыластың 12 шабуылына тойтарыс берген. Сонда Қотырбай Кұдагелдинов қираған үйге кірген фашистерді қақ маңдайынан атып тастап отырған. Бірінші күні жойқын 12 шабуылдан кейін капитан Кұдагелдинов бекінген үйдің қабырғасы жанында жаудың 156 адамы өлтіріп, 3 танкісі қираттты Оның екі танкісін ротаның командирі өзі атып қиратты.
Келесі күні таңертең фашистер қару-жарақ пен 12 танкті пайдаланып, тікелей шабуылға шығып, үйді қиратып, өртеп жіберген. Үйдің төбесі сарбаздардың үстіне құлады. Бірақ олар соған қарамастан жаудың жойқын шабуылына тойтарыс беруін тоқтатпады. Жаудың айқын басымдылығына қарамастан, біздің жауынгерлеріміз тағы да жеңіске жетті. Немістің 200-ге жуық жауынгері мен офицерін шығынға ұшыратты. Міне, осындай ерлігіне орай  Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бірақ «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.