Карантиндегі қалаларда коммуналдық төлемді төмендетеді
Карантиндегі қалаларда коммуналдық төлемді төмендетеді
Фото: интернеттен алынды
194
оқылды
Коммуналдық төлемдерді төмендету бойынша кешенді шешім қабылдауды жеделдету керек. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Карантиндегі қалалардың тұрғындары үшін коммуналдық төлемдерді төмендету бойынша кешенді шешім қабылдауды тапсырдым. Менің білуімше, мұндай шешім әлі табылған жоқ. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына басымдық бере отырып, тиісінше шешім қабылдауды жеделдету қажет», - деді Президент. Айта кетейік, Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай режимін сәуір айының соңына дейін созу қажет екендігін және үш мегаполис пен өңірлердегі карантинді жалғастыруды тапсырды.