Болат Бақауовтың үйқамақта отыру мерзімі үш айға ұзарды
Болат Бақауовтың үйқамақта отыру мерзімі үш айға ұзарды
Фото: Интернеттен алынды
347
оқылды
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімі мамыр айына дейін ұзартылды. Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодардың мамандандырылған тергеу судьясының 2020 жылдың 10 сәуірдегі қаулысымен жедел-тергеу тобы жетекшісінің ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық жазалау қызметінің бастығымен келісілген Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімін үш айға (2020 жылдың мамыр айына дейін) дейін ұзарту жөніндегі өтініші қанағаттандырылды. Айта кетейік, Болат Бақауовқа Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің 362-бабы, 4-ші тармағы мен 3-інші тармақшасы, яғни жеке басының қамы мен өзінің, өзгелердің және ұйымдардың пайдасы үшін билік пен лауазым өкілеттігін асыра пайдалану бойынша күдік келтіріліп отыр. 18 ақпаннан бері Паводар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамақта отыр.