Аппараттың залалы бар ма?
Аппараттың залалы бар ма?
438
оқылды

«Айқынның» №69 (04.05.2019жыл) санында жарық көрген «Касса аппаратының залалы басқа» атты мақаладағы экологтар көтерген мә­селеге Қаржы министр­лігінің Мемлекеттік кіріс­тер комитеті келіспейді.

Аталған мақалада Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақ­пандағы №206 бұйрығына сәй­кес, Қазақстандағы барлық кас­салық аппарат иелері 2020 жылға дейін онлайн кассалық аппа­раттарға өтетіні, бүгінге дейін 200 мың кәсіпкер онлайн кассаға көшкені, биыл 400 мың кассалық аппарат онлайн жүйеге ауысуы керектігі жазылған-ды. 
Мемлекеттік кірістер коми­теті «Егер олардың әрқайсысы­ның салмағы 2 келі екенін ескерсек, 800 мың келі пласт­мас­са қоқыс аймағына жібе­рі­ле­ді. Касса аппаратының 90 па­йызы – пластиктен, 5 пайызы – резеңкеден, ал қалған 5 пайызы батареядан тұрады. Ал мұндай қалдықтардың ыдырауы 500 жыл­ға созылады. Оның эколо­гия­мыз­ға елеулі залал келтіретіні анық» деген Халықаралық эко­логия академиясының пайы­мымен келіспей отыр. 
Комитет ұстанымын былай білдірді: «2019 жылдың соңына дейін қазақстандық кәсіпкерлер фиксациялау және мәліметтерді жолдау қызметі бар бақылау-кассалық машинасына (БКМ) көшуі тиіс. Яғни, еліміздегі бар­лық кәсіпкерлер осы тәртіп бойынша жаңа қызметі бар кассалық аппаратпен төлем қабылдауы керек. Болмаған жағдайда өзінің ескі аппара­ты­ның бағдарламалық жүйесін өзгертуі тиіс. Мемлекеттік кіріс­тер комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 мамырына дейін мәліметтерді жолдау қызметі жоқ 255 191 БКМ тіркелген. Оның басым бөлігі, атап айт­қанда 181 566 аппараттың немесе 71,1 пайызының онлайн БКМ ретінде бағдарламалық жүйесін жаңартуға болады», – дейді комитеттің баспасөз қызметі.
Ал телекоммуникациясы жоқ орындарда кассалық аппа­раттарды онлайн-БКМ ретінде жаңартудың қажеті жоқ. Елімізде ондай кассалардың саны – 12 мың, бұл – жалпы кассалардың 4,7 пайызы.
«Жоюға немесе телеком­му­никация желісі жоқ орындарда қолдануға болатын кассалардың саны – 32 110 немесе 12,6 пайыз. Онлайн түрдегі БКМ-ді қолдана білу – көлеңкелі экономика құ­ралдарын қысқартуға, салықтық әкімшілікті жақсартуға, салық­тық тексерістерді азайтып, мем­лекеттік автоматтандыру қыз­метін жақсартуға мүмкіндік бе­реді. Сонымен қатар онлайн түрдегі кассаларды қолдану бо­йынша кәсіпкерлерді жігерлен­діру үшін Салық кодексінде салықты 60 мың теңгеге дейін азайту жеңілдіктері бар», – делінген хабарламада.
Ал Кәсіпкерлер мен бухгал­терлер қауымдастығының төра­ғасы Дмитрий Казанцев модер­низацияға жататын кассалық аппараттардың 70 пайызы мо­дернизацияға жатады деген ко­митеттің дерегімен келіспейтінін айтады. 
«Модернизацияға 2015, 2016, 2017 жылдары шығарылған кассалық аппараттар ғана жа­тады. Олар шамамен қолданыс­тағы кассалық аппараттың 25-30 пайызын ғана құрайды. Кас­салық аппараттағы меха­низм­дерді өзгертудің құны 50 мың теңгеден жоғары тұрады. Бұл жаңа касса аппаратының құ­нына тең. Оның үстіне, мо­дернизациядан кейін аппаратқа кепілдік мерзім берілмейді. Сон­дықтан аппарат істен шықса, оны жөндету үшін тағы да ақша шығындауға тура келеді. Сол себепті, 50 мың теңгені касса аппаратын жаңғыртуға жұм­сағанша онлайн бағдарламаға төлеген тиімді», – дейді ол. 
Қалай десек те, келер жылы телекоммуникация желісі тар­тылған барлық өңірде онлайн касса аппаратына көшіп бола­мыз. Касса аппаратын модер­ни­зациядан өткізуді яки онлайн касса аппаратының веб-бағдар­ламасын жүктеп алуды әр кәсіп­кер өзі шешетіні анық. Ең ма­ңыз­дысы, екінші таңдауды жа­сау­шылар касса аппараттарын қо­қысқа емес, утилизациялау орындарына өткізсе құба-құп.